1-айналым 2-айналым 3-айналым 4-айналым 5-айналым 6-айналым 7-айналым 8-айналым 9-айналым 10-айналым 11-айналым 12-айналым 13-айналым 14-айналым

Елді дүрліктірген «Екі жұлдыз»


2жулдыз

«Екі жұлдыз» - еліміздің басты думанды жобасы. Бұл жерде барлығы ән айтады, тіпті қолына микрофон ұстап көрмегендер де бар. Отандық шоу бизнестің қарыштап дамуы үшін қолына микрофон ұстағандар мен даусын сынап дүйім елді дүрліктіргісі келетін түрлі салада қызметкерлер қауымы да бұл жобадан тыс қалған жоқ. Бір қолына гүл бір қолына дауыс зорайтқыш ұстаған қос жұлдыз жайлы тереңірек білгіңіз келсе әр сенбіде ұлттық арнаны қосыңыз.

«Екі жұлдыз» -бұл жұлдыздар жұлдыздарға ән айтуды үйрететін жоба. Жобада 16 жұп, халықтың 16 сүйікті әншісі және осы уақытқа дейін сахнада кәсіби түрде ән айтпаған 16 танымал тұлға. Өзіндік ерекшелегімен көрерменді тәнті етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген бұл жобаның қатысушылары елімізге кеңінен танымал түрлі саланың өкілдері. Олар шырқап ән салғанда жиылған жұрт шапалақпен қошеметтеп, залды өзгеше үнге бөлейді. Олар салған ән тыңдарманның құрышын қандырады. Өйткені олардың әрқайсысы «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпазы атануға лайық. Сенбесеңіздер Ұлттық арнаның алдынан табылыңыз.

«Екі жұлдыз» - бұл вокалды жарыс. Бұл жерде ешқандай фонограмма қолданылмайды. Тек жанды дауыс. Жұлдыздардың орындаған әрбір әнін Артур Оренбургский бастаған оркестр сүйемелдеп отырады. Бастапқы кәсібі басқа болғанымен, бағын ән әлемінде сынағысы келгендер осы жобадан табылады. Елдің ерекше ілтипаты мен тыңдарманның талғамына сай ән таңдап, табиғи дауыспен тарту ете білуде кәсіби емес әншілер үшін шын шеберлік. Олар салған әннің шырқау шегі биікте болмағанымен, жүректен шыққан жүрекке жетпек. Ендеше әр сенбінің кешінде Ұлттық арнамен ән әлеміне саяхат жасап, жұлдыздармен жүздесуге асығыңыз!!!

2Жулдыз - выступления первого сезона

Пікірлер


30.08.2010 16:47
mira
endi kawan bastalady eken? jane oktem altaevty jobaga wakyrsanyzdar eken

30.08.2010 16:32
Баязитова Жайна
салем мен сиздерге шығармашылық табыс тілеймін,сіздердін бірігіп шырқаған әндеріңізді асыға күтемін,дауыстарыныз...

13.08.2010 18:03
Ербол
Бұл жобаны ұйымдастырудың өзінде кемшіліктер көп. Мәселен,үстіміздегі жылғы өткен жобада өткен жылғы...

06.08.2010 23:58
Nursultan Rustemov
Осы сайттын уйымдастырушылары сіздерге бір өтініш ! Мейрамбек пенСАуле Рахмадиеваның  ИСпанша...

05.08.2010 10:50
Қазақ қызы
АллаҺ қолдаса,осы жобаны қайта көру бақытын басымызға жазып жатырса әрине, мен А.Жүнісбековты, Капкарашканы,...