Аймақтық желі

  • Ақмола облыстық филиалы

    1999 жылдың 21 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК АҚ Ақмола облыстық филиалы Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды;
     
    1999 жылдың 4 қазанында алғашқы эфир  жарыққа шықты. Арнаның жеке таратылым уақыты - 14 сағат. Тұрғындардың қызығушылығын арттырған  хабарлар қатарында «Ақмола-ақпарат» ақпараттық бағдарламасы, «Өзекті мәселе», «Қалайсың, қайран ауылым?», «Недетские вопросы», «Живой родник», «Мы научились», «Қайықта», «Армысың, Ақмола!», «Бір бала» телехабарлары бар. Осыған дейін республикалық, облыстық байқауларда талай жүлдеге ие болған талантты журналистер Мәдина Смағұлованың «Леди совершенство», «Музыкальное путешествие», Гәкку Асылбекқызының «Жағажайдағы сырласу», «Тарихыңды таны», Жанат Жанұзақтың «Ақынның сөзі - аманат», «Арқаның ән бесігі», «Күй құдіреті», Әсем Қаматайқызының «Ата көрген», «Той түлеткен Астана!» сияқты хабарлары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді;
     
    2011 жылдың маусымында Наталья Анфимованың «Недетские вопросы», Наталья Дементьеваның «Живой родник», «Благодарю тебя, учитель!», Ақерке Ерболаттың  «Армысың, Ақмола!», Гәкку Асылбекқызының «Ана - өмірдің шырағы», Бағлан Иманғазиновтың «Теле-хи-хи-ха», Бибінұр Көкірованың «Мың алғыс саған, ұстазым!», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тележурнал т.б.  хабарлар көрермендер назарына ұсынылды. 

  • Біздің ұжым
  • Жетістіктер
  • Бағдарламалар
  • Қарым-қатынас