
Қадырбаев Нұржан Гауезханұлы
1979 жылдың 7 маусымында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ тұтынушылар қоғамының Қарағанды экономикалық университетін, 2003 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы: экономист-бухгалтер, заңгер.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Қаржы министрлігі Есептеу орталығының инженер-бағдарламашысы болып бастаған. 1999 – 2000 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-таныстырылым орталығы» ММК жалпыжүйелік бөлімінің жетекші инженері, 2000-2002 жылдары ҚР Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» ММК-нің бағдарламамен қамтамасыз ету, жүйелік және техникалық қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы.
2002-2004 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ЖАҚ бухгалтерлік жүйе және есеп бөлімінің бас маманы. 2004-2005 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары «Меркурий» ЖШС Бюджет және әдістеме бөлімінің жетекші менеджері болды. 2006-2012 жылдары «Казстройсервис» ҰМҚК АҚ-ның Экономикалық сараптау және бюджет департаментінің бас менеджері, бас бухгалтердің орынбасары. 2012 жылдың ақпан айынан «Қазақстан» РТРК АҚ Қаржы директоры.

