Олжай Қайнар Қалиақпарұлы

1958 жылы 29- маусымда туған. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді тәмамдаған. 1982-1988 жылдар аралығында республикалық «Жас Алаш» басылымында, 1988-1993 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан», 1993-1997 жылдары «Атамұра», «Бірлік», «Түркістан» басылымдарында қызмет атқарған. 1997-2006 жылдары «Хабар» агенттігінің комментаторы, Жаңалықтар дирекциясы директорының орынбасары, Бас продюсері, «Хабар-2» телеарнасының директоры қызметтерін атқарған. 2006 жылдан  «Қазақстан» РТРК  АҚ  Бас продюсері, Басқарма Төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары, «Қазақстан» Ұлттық арнасының бас директоры болған. «Мың бір мақал», «Деген екен», «Солай болған», «Тіл», «Сөзмерген», «Ілік септігі», «Келбет» т.б бағдарламалардың, 15 сериялы тарихи-деректі «Бірінші» телефильмінің  авторы. 2011 жылдан «Қазақстан» РТРК  АҚ Басқарма Төрағасының аймақтар жөніндегі орынбасары. 1994 жылы «Президент пырағы», 2007 жылы «Қара нары қазақтың», 2008 жылы «Атамыз – Аласанбай», 2010 жылы «Қанат байлаған қазақ» кітаптары  жарыққа шықты. ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты. ҚР Президенті грантының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.