
Сапаров Мәди Манатбекұлы
1978 жылы мамырдың 25 күні дүниеге келген. Суворов атындағы әскери мектепті, Көкшетау Университетінің заң факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын республикалық «Нартәуекел» газетінде тілші болып бастаған. 1999-2000 жылдары «Шымкент келбеті» газетінде, 2000-2001 жылдары «Отырар» телеарнасында тілші, бағдарлама авторы әрі жүргізушісі. 2001-2006 жылдары «Астана» телеарнасында тілші, автор-жүргізуші, бағдарламалар өндірісі қызметінің бастығы. 2006-2007 жылдары «31 арна» телеарнасының Астана бөлімшесінің тілшісі. 2007-2008 жылдары «MarliMat» жарнама агенттігінің директоры. «Хабар» агенттігінде тілші, жаңалықтар жүргізушісі қызметін атқарған. Соңғы уақытта «Қазақстан» ҰТА қоғамдық бағдарламалар бөлімінің жетекшісі. 2011 жылдың желтоқсан айынан «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.

