01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Биылғы жылды түбі бір түркі ұлыстары қазақ елінің астанасына арнапты. Яғни, 2012 жылды «Астана - Түркі мәдениетінің бас ордасы» деп атауды ұйғарған. Сөйтіп Астана биыл  мәдениет майданына айналмақ. Елордамызға  ТҮРІКСОЙ-ға мүше 14 түркі тілдес республикалардан фольклорлық, этномузыкалық өнер топтары шақырылған. Өнерпаздар ақпан айының 24-інде, Елордамыздың төрінде, Бейбітшілік және келісім сарайында Астана жылының шымылдығын түрмек. Сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Астана әкімдігінің қолдауымен жыл бойы Елордамызда түркі халықтарының мәдениет күндерін өткізу де ойымызда бар. Айтулы шараға қазірдің өзінде алыс-жақын елдерден өнер тарландары келіп жатыр.
 
Арман Нұрмұхамедов, «Түріксой» ұйымының қызметкері:
Мақсатымыз осы іс-шара арқылы түркі халықтарымыздың барлығының бастарын біріктіріп, түбі бір түркі тілдес ел дегенді ұғындыру. Осылай біз Түріксойдың негізгі мақсаттарын орындаймыз деп есептейміз.
 
Ринат Ғилажов, Татарстан автономиялық республикасының өкілі:
Лекин бұ Астана, Қазақстан географиялық яқтан да, ул хазір орталықта. Мына Түркия, Қапқаз яқтан келгенде да, якин мына біз Ресейдан келгенда да, Сібірден келгенда да бұл біздің орталықта. Бұ бик дұрыш іс. Қазақстан айтып бітіргісіз іс бітірді. Екіншіден, Қазақстан Аллаға шукір деп айтам.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.