Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Түркі ұрпағының талай тарихты өткергені бар. Бірі бодан болды, бірақ біразы босады. Тәуелсіздік таңы атты. Есін ерте жиғандары қайта тұтасу ұранын көтерді. Соның бірі – біз, қазақ жұрты. Егемен 6 ел бірігіп, Түріксой ұйымын құрдық. Ұйымның ұстанымы - мәдениет, тіл, діл, дін арқылы бірігу. Бүгінде біраз шаруаның басы қайырылды. Кештер, мәдениет күндері Алтайдан Анадолыға дейін өтіп жатыр. Ал былтыр бүкіл Түрік ұлыстары биылғы жылды «Астана - Түрік мәдениетінің астанасы» деп атап өтуді ұсынды. Яғни, 2012 жыл - қазақ үшін Түркі мәдениетиетінің жылы болмақ. Қазірдің өзінде үлкен-үлкен кештердің көші басталды. Соның бірі ақпанның 24-інде өтеді.
Арман Нұрмұхамедов, «Түріксой» ұйымының қызметкері, ұйымдастыру комитетінің мүшесі:
Мақсатымыз - осы іс-шара арқылы түркі халықтарымыздың барлығының бастарын біріктіріп, біртұтас боп, барлық жерде айтылғандай, түбі бір түркі тілдес елміз дегендіктен, соның барлығын мәдени іс-шаралар арқылы біз осы Түріксойымыздың ең алғашқы негізгі мақсаттарының барысын орындаймыз деп есептейміз.
Әуезді әнімен еліткен, көмейімен күй төккен талай тарландар келіп жатыр. Соның бірі тывалық Евгений Саргылар. Әуенді әуелетпейді. Тамағында тұншықтырып барып жазады. Таңсық біздер үшін.
Евгений Саргылар, РФ Тыва автонмиялық республикасының өкілі:
Стиль көмей. Екінші стиль сырғыт деп аталады. Бұл жел дыбысына еліктеу. Ол былай жасалады.
Сарғылар дегені біздің Сарылар дегенге дөп келеді. Тілі тым ұқсас.
Евгений Саргылар, РФ Тыва автонмиялық республикасының өкілі:
Міне, 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 осылай. Хакас ва казах тіл томей.
Ұлт ұтылып жатыр. Тегімізді ұмытып барамыз. Тек бет-бейнеміз ғана қалғаны. Жұтылып, жоқ болудан осындай түркілік мәдениет кештері, осындай қарым-қатынастар ғана сақтайды. «Иммунитет түзеді» деп топшылағаны бар тывалық туысқанның. Ал Астананың Түрік ордасы ретінде таңдалуы да тегін емес екен.
Евгений Саргылар, РФ Тыва автонмиялық республикасының өкілі:
Қазақия, біріншіден, егемен ел. Яғни, біздерге бағыт, кеңес бере алады. Болыса алады біздер үшін. Екінші, Қазақстан Түрік ұлыстарының төрінде жатыр. Кілем ғой қазақ жері. Ал Астана - сол кілемнің дәл ортасы. Осындай мәдениет шаралары көп өтсе екен. Түрік бауырлардың кездесуге себебі көп болса екен.
Бұл тұжырымды татар туысқандар да дұрыс көреді. Қазаннан Қазақияға сырнайлатып, кернейлетіп жеткен Ноғай ұлысының Астанаға һәм қазаққа айтары да бар екен.
Ринат Ғилажов, РФТатарстан автономиялық республикасының өкілі:
Чемки Астана, Қазақстан бул біріншіден, географиялық яқтан да, бул хазір орталықта. Мына шонын ынга кореди, ыны туркилерди бирлестиру олкесинда мумкинликтар зорырақ .
«Ер түрік енші алысып тарасқанда, қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?!» Бір кездері Мағжан Жұмабаев жазып еді. Тұрандағы тұяқ қазір егемен. Жақын-жұрағатына жәрдемдесіп-ақ жатыр. Енді бұл ғасыр Түріктің тұтастану дәуірі аталуы керек. Иә, сол күнге жеткізгей! Ақпанның 24-інде Астананың төрінде өтер бұл кештен қалмағайсыз, Түркінің жаңа тарихына куә болғайсыз!
Нұрбек БЕКБАУ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
