01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Еліміздің астықты аймақтарында бидайды сақтау өткір мәселе күйінде қалып тұр. 1,5 млн. тонна бидай қоймаларға сыймай жатыр. Бұл туралы бүгін Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде мәлімдеді. Түйінді тарқату үшін «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» тартылды.
 
Компания ай сайын 60-70 мың, ал күзгі орақ науқанында 500 мың тонна сары алтынды тасымалдауды жоспарлап отыр. Еліміздің бос элеваторларына. Бұдан бөлек, астық тасымалдайтын вагондардың тапшылығы байқалады. «Айына 1 млн. тонна бидайды экспортқа шығару үшін 15 мың вагон қажет» дейді министр Мамытбеков. Ведомствоның кеңейтілген отырысында мал шаруашылығының өзекті мәселелері де сөз болды.
 
Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Бізде осыншама жер ресурстары мен жайылымдар бар. Мал шаруашылығын дамытпауға болмайды. Бұл - негізгі экспорт өнімдерінің бірі. Сонымен қатар, шаруашылықтарды әртараптандыру қажет. Шығындар азайып, табыстар мол болады бұдан. Бұл министрліктің басты міндеті болуы шарт.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.