01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Елбасы биылғы халыққа Жолдауында білім беру жүйесін жаңғыртуда, оқыту үрдісіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізіп, педагогтар біліктілігін күшейту қажеттігін айтты. Президент тапсырмасы қазірден іске асып жатыр.
 
Осы орайда Қазақстанда екі жаңа орталық ашылды. Олар - «Педагогтардың біліктілігін арттыру Ұлттық Орталығы» және Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» бөлімшелері. Солардың бірі Семейдегі Назарбаев мектебінде жұмысын бастады. Орталықтар зияткерлік мектептердің тәжірибесін орта білім ордаларына таратады.
 
Қазір онда озық шет елдік тәжірибені меңгерген бапкер-педагогтар жұмыс істеп жатыр. Олар Кембридж университетінің дәрежелі мамандарынан  дәріс алған. Енді өз үйренгендерін қаладағы мектеп ұстаздарына үйретпек. Жалпы еліміз бойынша жоба аясында 2016 жылға дейін 21 500 мұғалім осындай курстардан өтіп, әлемдік әдіс-тәсілдерді меңгеретін болады.
 
Гүлбаршын Мирашева, «Педагогикалық шеберлік орталығы» бөлімшесінің аға менеджері:
Біз сәуір айындағы  мұғалімдердің оқыту курсына дайындалып жатырмыз. Онда тренерлер сабақ береді. Олар қаңтарда Астана қаласында Кембридж университетінің тренер-жаттықтырушыларынан дәріс алып келген. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне 3 айлық курс ретінде ұйымдастырамыз.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.