01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жолдауды қазақстандықтар құп көріп отыр. «Нұр Отан» партиясының парламентаризм институты жүргізген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы - бұл. Сауалнамаға қатысқан 1 мыңнан аса азаматтың 96,5 пайызы Жолдауды қолдап, оған үміт артып отырғандығын жеткізді. Сұрақ-жауаптың барысында стратегиялық құжатпен респонденттердің 83,7 пайызы таныс екендігі белгілі болды. Жолдауды зерттеуге қатысқандардың көбі, 54,7 пайызы, теледидар мен радио арқылы тыңдаса, үштен бірі, яғни 31,1 пайызы жаңалықтардан естіген. Ал, әрбір жетінші респондент үшін газеттер мен интернет ресурстары ақпарат көзі болған. 
 
«Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының қандай идеялары мен ұсыныстары Сіздің қызығушылығыңызды оятты?» деген сауалға көпшілігі тұрғын үй мен жұмыспен қамту мәселелері деп жауап берді.
 
Аманқұл Серікбаев, «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты директорының орынбасары:
Жолдауды жаңа бағдарлама деп атауға болады. Дағдарыстың осы мына келе жатқанына қарамастан, дауылдың келе жатқанына  қарамастан біздің Үкімет, Елбасы керісінше, экономиканы үдетуді, керісінше халықтың әл-ауқатының өсу мәселесін алдына қойып отыр. Бұл дегендерің осы Жолдаудың бұрынғы Жолдауға қарағандағы  үлкен ерекшелігі деп есептейміз.
 
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.