01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгін елордада Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру  жөніндегі республикалық кеңес өтті. Жиынға барлық облыс әкімдерінің  орынбасарлары, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының  басшылары және  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.  Кеңесте Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының биылғы Жолдауындағы тұтқалы тұстарына тоқталды. Бұл құжат елдің әлеуметтік әл-қуатын арттыруды, экономикалық жаңғыртуды көздейді. Тиісінше, бүгінгі отырыс Жолдаудың басым бағыттарын халыққа қалай жеткізу керек, насихат жұмыстарын жүргізгенде нендей мәселеге тоқталған абзал деген тақырыпта өрбіді.   
 
Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Бүкіл дүние жүзін қазір қаржы дағдарысының екінші кезеңін бастан кешіріп отырған кезде, Батыстың ең дамыған мемлекеттерінде әлеуметтік бағдарламаға, әлеуметтік салаға қатысты қаржы барған сайын қысқарып тұрған кезде, Елбасының тапсырмасы бойынша биылғы Жолдауға сәйкес республикалық бюджеттен миллиардтаған қаржының бөлінуі, оның ең алдымен әлеуметтік саланың жетекші салалары болып есептелетін денсаулық сақтау мен білім саласына, халықты еңбекпен қамту мәселесіне арналып отырғандықтан, біз осы әлеуметтік Жолдаудың әрбір маңызын сіздер тұрып жатқан өңірлердегі әрбір қазақстандықтың жүрегіне жеткізуіміз керек.   
 
Нұрбек БЕКБАУ
 
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.