Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Сенат Төрағасы Президентті осы жылдың мамырдың 30-31 күндері Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезін өткізудің дайындық жұмыстары туралы хабардар етті. Съезд хатшылығы жұмыс тобының жақында өткен отырысының қорытындылары жайлы мәлімдеді. Жұмыс тобы тарапынан діндер көшбасшылары кеңесін құру қолдау тапты. Алдағы съезге қатысатын жетекші әлемдік діндердің рухани көшбасшыларына, кейбір мемлекет басшыларына, белгілі саясаткерлер мен сарапшыларға шақыру жолданған. Сонымен қатар, Қайрат Мәми Мемлекет басшысын Венедағы ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына даярлық және Эр-Риядтағы
«үлкен жиырмалық
» елдері спикерлерінің 3-ші консультациялық кездесуіне қатысуы жөнінде хабардар етті.