01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Орта Азия өңіріндегі есірткі саудасымен күрес үшін арнайы бөлім құру туралы АҚШ-тың бастамасы тек саяси мақсатты ғана көздеп отыр. Себебі, жаңа құрылым жасақтаудың еш қажеттілігі жоқ. Есірткі саудасын тыю үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы орталығы табысты жұмыс істеп жатыр. Ол аз десеңіз, ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы да бұл бағытта  жүйелі іс-қимыл жасауда. Бұл туралы  осы ұйымның бас хатшысы  Николай Бордюжа  Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Өткен жылға есеп берген бас хатшы, ұйымның жемісті жұмыс істегеніне тоқталды. Николай Бордюжаның айтуынша, ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына биыл төрағалық ететін Қазақстан бірнеше тың бастама ұсынып отыр. Бірінші кезекте ұйымға мүше мемлекеттер осы жылы, әскери саладағы әріптестік пен ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне қатысты бірнеше келісімді тездетіп ратификациялауы керек.       
 
Николай Бордюжа, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының бас хатшысы:
Биыл Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының төрағасы ретінде, әдеттегідей, жан-жақты ойластырылған салмақты бастамаларды ұсынып отыр. Мәскеуде өткен саммит кезінде, олардың барысын Президент Нұрсұлтан Назарбаев жария етті. Яғни, биыл ақпараттық қауіпсіздікке, ұжымдық күштердің жедел әрекет ету бағдарламасын іске асыруға және Орта Азия аймағындағы әуе қорғанысының ұжымдық жүйесін құруға басымдық берілетін болады. Бұдан бөлек қазақ елі, ұйымның есірткіге қарсы стратегиясын қалыптастыруды ұсынып отыр.    
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.