01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгін Мәжіліс спикері, «Нұр Отан»  партиясы  төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қытай Халықтық Республикасының елшісі Чжоу Ли мырзамен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Қытай  арасындағы байланыстардың бүгіні мен келешегі туралы пікір алмасты. Осы орайда, Нұрлан Нығматулин Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қытай жеріне, ал Ху Цзиньтаоның біздің елге жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдер қос мемлекеттің бұрнағы  қарым-қатынасына тың серпін бергенін сөз етті. Сондай-ақ, екі ел үшін де, тұтастай алғанда аймаққа да маңыздылығы зор халықаралық жобалардың жайы да тақырыптан тыс қалған жоқ. Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы мен Қытай елшісі қос мемлекет арасындағы қарым-қатынасты, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, өзара тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойып тарасты.
 
Нұрбек БЕКБАУ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.