01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгінде қазақ телевизиясындағы сұхбат жанры ескірген деген пікір бар. Шынтуайтында, сұхбаттың емес, сауалдың ескіргенін атап айтқан жөн. Ұлттық арна көрерменіне көне жанрда жаңа жоба ұсынбақ. Қоғамда кең талқыланып жатқан мәселеде белсенділік танытқан, өз сөздері арқылы қоғамдық пікір тудырған, белгілі бір салада жетістікке жеткен азаматтардың жан сырын «Риясыз әңгіме» хабарынан білесіз. Бұдан былай саясаткер өнер туралы, ал өнер адамы саясаттан сыр шертсе, таң қалмаңыз!
Біз білетін Бәйменов кім? Белгілі саясаткердің беймәлім қырлары... Дос пен дұшпан туралы толғамы...
 
Әлихан БӘЙМЕНОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Себебі мен паспортта Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы деп жазылдым ба, менің қоғамға айтарым осы!
Ең жақын достарымның бірі бар, Сәдуақас деген, Жезқазғанда көлік жүргізуші.
 
Бүгін қорытынды жаңалықтардан кейін  хабардың тұсаукесерін  тамашалап, риясыз әңгімеге құлақ салыңыз!
 
Назира ЕРМАХАНҚЫЗЫ