01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Осыған дейін елімізде 50 пайыз жеңілдікпен берілген дәрі-дәрмектер биылдан бастап науқастарға тегін беріледі. Осыған орай, Шығыстағы Денсаулық сақтау басқармасының мамандары арнайы тексеруге шықты. Мамандар дәріханаларды аралап, тегін дәрілердің бар-жоқтығын және олардың науқастарға берілуін қадағалады.
Бұл шараға Нұр Отанның партиялық бақылау комиссиясының өкілдері де қатысады. Мамандардың мәлімдеуінше, тегін дәрілік заттардың тізбесіне сирек кездесетін ауруларға қарсы дәрі-дәрмектер кірді. Сонымен қатар, онкогематологиялық және тромболитикалық препараттардың қатары кеңейді. 2012 жылдан бастап аурудың жекелеген түрлері бойынша диспансерлік науқастар да амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен тегін қамтылады.
 
Мұрат Мұқанов, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы:
Кеше алдыңгүні Семейді тексердік, бүгін Өскеменде тексеріп жатырмыз. Биыл түгел дәрілер тегін, оларды қалай босатып жатыр? Осы айдың соңында аудандарға шығып, ол жақтарға дәрілердің жеткізілуін, босатылуын тексеріп, қадағалаймыз.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.