Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Қолғап тоқып, жүн басуды қыз балалар анасы не, әжесінен үйренетін. Қазір керісінше. Қолөнер шеберлігін меңгерген Әсел оны әжесіне үйретіп жүр. Таң атысымен екеулеп жүн түтіп, түрлі түске бояиды. Оны басып тігіссіз киім дайындайды. Ұлттық оюлар мен кестелі өрнектер де өзгеше сән береді. Алайда, өңірде әлі қол еңбегін түсінетіндер сирек.
Дәмегүл Исембаева, тігінші:
Халық дұрыс түсінбейді. Бұл қандай жұмыс екенін,қандай бұйымдар жасалатынын жүннен, қандай қиындық туғызатынын. Бірінші, ақ жүн өзі келмейді ғой, қаншама жұмыс, тазалықтан өту керек, жуу керек.
Қандыағаш қаласындағы шағын тігін бөлмеде киіз бас киім, бешпет пен сөмке мен әшекейлер әзірленеді. Бірін-бірі қайталамайтын дүниелер. Барлығы да киізден басылған. Әсел әр өнімді ұлттық нақышта жасай отырып, заманауи үлгіге лайықтайды. Сөйтіп, қазақылықты күнделікті өмірге енгізбек. Алайда, бұл кәсіптің кірісі мардымсыз.
Шығын орыны құрақ көрпе, киім тігуден жабылады. Халық жүннен басылған бұйымға енді ғана көңіл аударып жатыр. Қиындық туғызып тұрғаны өңірде шикізаттың жоқтығы. Әсел биязы қой жүнін Алматы мен Қырғызстаннан тапсырыспен алдырады. Келісі 3 мың теңгеге жуық. Оны анелинмен бояп, өңдейді. Бұның қиындығы көп. Соған қарамастан «ұлттық өнерді жандандырамын», – дейді жас қолөнерші. Оған үкіметтен де қолдау болар деген үмітте.
Әсел Хайролла, қолөнер шебері:
Мен шағын кәсібімді одан әрі қарай дамытқым келеді. Елбасы өз Жолдауында айтып өткендей, осындай бастама жасап жатырған жастарға мемлекет тарапынан, жеке тұлғалар тарапынан көмек көрсетілуі керек. Себебі, әр талаптанған жас өзінің сүйікті ісімен айналыса отырып біріншіден, екіншіден, халыққа қызмет көрсетсе, еңбегі адал болса мақсатқа жетеді.
Киіз, жүннен киім тігу Әселдің сүйікті кәсібі. Мұғалжар ауданында бұл өнерді үйренгісі келетіндер де аз емес. Қолөнерге қызығушылықты арттыру – мәдени мұраны сақтап, қайта түлету мүмкіндігі. Ал тәрбие ұлттық салт-дәстүрде деп түсінетін Әсел болса, білгенін өзгелерге үйретуде.
Әлия ТАЛАСОВА
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
