01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

«Жасыл көпір» бағдарламасы Қазақстанның ғана емес, Азия мен Еуропа елдерінің жасыл экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізеді. Қазақстандық экологтар осылай дейді. Елбасы бастаған бұл жоба қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Ол үшін әлем мемлекеттері қазіргі экономикадан жасыл экономикаға көшуі керек. Яғни, баламалы энергия көздерін, су, жел, күн энергетикасын пайдалануы тиіс. Жаһандық стратегияның авторлары Бүкіләлемдік Конституция мен Бүкіләлемдік энергия-экологиялық банк құру қажет деген пікірде. Бұл бастама маусым айында Бразилияда өтетін БҰҰ-ының Саммитінде ұсынылмақ.
 
Құсайын Уәлиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бұл әлемге, елге керек стратегия. Неге десеңіз, мына энергия қуатының мүмкіншілігі жылдан жылға азайып барады. Сондықтан, жаңа жол табу керек, жаңа технология. Возобновляемая энергетика дейміз. Соған мән беріп, соған көшу керек.
 
Жасын БІРКЕНОВ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.