01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қылмысқа қылбұрау.  Өткен бір аптаның  ішінде Республика бойынша  4 мыңнан  аса қылмыс тіркелген. Жедел шара қолдану нәтижесінде 2 мыңнан астам істің ізі суымай ашылды. Бұл жөнінде бүгін  Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды. Ел арасында ұрлық-қарлық азаймай отыр. Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жаңаталап ауылы  тұрғынының үйіне бетперде киген төртеу кіріп келіп, қарақшылық шабуыл жасаған.  Қаскүнемдер үй иелерін пышақпен қорқытып, 1 миллион теңгені тартып алған. Алайда, күдіктілер алысқа ұзаған жоқ. Қолға түскен төрт адам енді заң алдында жауап береді. Ал Шығыс Қазақстан облысында тапсырыспен кісі өлтірген қылмыстық  топ ұсталды. Қазір тергеу жүріп  жатыр.
 
Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:
Шығыс Қазақстан облысының жедел қызметкерлері өткен жылдың желтоқсанында облыс орталығында болған клубта 38 жастағы тұрғынды өлтірген топты ұстады. Алдын ала сөз байласып, адам өлтірген деген күдікпен Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны Алматы қаласында құрықталды. Тергеу барысында күдікті қылмысты 25 жастағы танысының өтініші бойынша жасағанын айтып отыр.  
 
Бақытбек ЖАМАШҰЛЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.