Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Жолдауда елдің экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының даңғыл жолы айқын, анық көрсетілді. Индустриалды дамуды бетке алған қазақ елінің ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саласына жаңа серпіліс келеді. Бұл бүгінгі Елбасының жолдауында көрсетілген айқын міндеттердің бірі. Мемлекет басшысының мәлімдемесі қазақстандықтарды қуантып, қуаттандырып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгін әлеуметтің әлеуетін көтеретін, индустриалды жобалардың желкенін керетін, ал ауыл шаруашылығы саласына соны серпіліс әкелетін тапсырмаларды жүктеді. Индустриаландыру - ұлттық идея. Сондықтан елдің бір жылдық жоспарын анықтайтын құжатта үдемелі жобалардың жөн-жосығы ерек. Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды терең өңдеу кешені мен Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуші зауыттың салынуы сөзімізге дәлел. Ал «Балқаш» жылу электр станциясы оңтүстікте энергия тапшылығын түбегейлі жоятын болады.
Әкім Тарази, жазушы:
Балқаштағы салынатын жылу электр станциясы бізді көршілерден әлі күнге дейінгі тәуелділіктен құтқаратын болады. Мұқтаж болып едік қой. Соны бірден қолға алатындығы, қанша қаражат бөлінетіндігін айтқанда іштей қол соғып отырдым. Асаудың шылбырын ұстап, тырп еткізбей мойындататұғын қазақтың жігіттерінің мінезі болады ғой?! Сондай бір ағымдағы саясатты тырп еткізбей ұстап тұратындай жол көрсетті деп ойлаймын.
Бүгінгі Елбасы Жолдауында Жамбыл облысы дамуына қарқын берер бір бағыт айқындалды. Президент Әулие ата жерінде биыл минералды тыңайтқыштарды шығару ісін қолға алудың кешенді жоспары жүзеге асатындығын атап өтті. Жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті бюджетке түсім артады.
Жомарт Қошқаров, профессор:
Химия кластерін ары қарай дамытуға бүгінгі күні Елбасы айтты 2 млрд. доллар бөлінеді. Олай болса, елімізге инвестиция келер болса, жалғыз Жамбыл өлкесі ғана емес, оңтүстік өлкенің экономикасы көтерілуіне серпін болады деп ойлаймын.
Қазиза Наурызбаеваның Президент Жолдауын бұл жолы да жібергісі жоқ. Көріп, көңілге түйіп, кейбірін қағазға тізіп шықты. Айрықша деп астын сызғаны - ауыл шаруашылығы саласы.
Қазиза Наурызбаева, зейнеткер:
Ауылшаруашылығын дамыту туралы айтты. Оның ішінде мал шаруашылығы, ет өнімдері, сүт өнімдері және қой шаруашылығын дамыту керек деп айтты. Мінеки, осылардың бәрін халыққа арнап, өте тұжырымды айтып және Жолдаудың орындалуын Үкіметке жақсылап тұрып тапсырды. Осылардың бәрін естіп мен қуанып қалдым.
Ел дамуының бір жылдық жоспарын анықтайтын құжатта көрсетілген осынау мақсат-мүдделер мемлекеттегі тұрақты ілгерілеудің кепілі болмақ.
Бибігүл ҒАДІЛБЕКҚЫЗЫ

*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.

Көшіру | pdf