Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай Лигасында 6-шы жеңісіне қол жеткізді. Маттео Боничиолли шәкірттері өз паркетінде Киевтің «Будивельник» командасын 91-85 есебімен ұтты. «А» тобындағы қос қарсылас ойынды барлаусыз бастады. Елордалықтар Италия маманының тактикасына сүйеніп, орта тұстан оң мен сол қанатқа кезекпен шабуылға шығып отырды. Ал қонақтар әр қалаға белгіленген тығыз ойын графикасының салдарынан шалдығып, көп қателікке жол берді. Мүмкіндіктерін мүлт жібермеген жерлестер тек 3-ші кезеңде ғана ұтылды. Ал қалған кезеңдерде ұпайын ұлғайтумен болды. Енді «Астана» ақпанның 24-де Ресейдің «Нижний Новгород» командасын қабылдайды. Қарсылас турнир кестесінде қазақстандық клубтан 3 сатыға жоғары, яғни, 4-ші орында.