01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Сириядағы жанжалды дипломатиялық жолмен тоқтатудың сәті түспесе, Вашингтон бұл елдегі көтерілісшілерге қару-жарақпен жәрдемдесуі мүмкін. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуландтың мәлімдеуінше, Құрама Штаттар бұндай қадамға саяси әдістер сарқылғанда баруы мүмкін.
 
Виктория Нуланд, АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы:
Біз Сирияны милитаризациялауға үлес қосатынымызға сенгіміз келмейді. Дегенмен, бұл елдегі зорлық-зомбылықтың әрі қарай өршуін тек бақылап отыруды қаламас едік. Сондықтан, тығырықтан шығудың қосымша жолдарын қарастыру қажет болуы мүмкін.
 
Ал өткен тәулікте Сирия ауылдары мен Хомс қаласында атыс-жарылыстар кезінде 60-тан астам адам мерт болды. Мұндай мәліметті президент Башар Асадтың қарсыластары таратып отыр. Бірақ бұл хабардың қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Себебі, шетелдік журналистерге Сирияда жұмыс істеуге рұқсат жоқ. 
 
Арыстан РЫСБЕК
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.