01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Барак Обама әйелі Мишельмен бірге Ақ үйде блюз кешін өткізді. Салтанатты шараға көптеген атақты жұлдыздар шақырылған. Олардың қатарында, «Роллинг Стоун» тобының әншісі Мик Джаггер мен блюз патшасы Би Би Кинг болды. Капитолий төбесінде мұндай кештер 30 жыл қатарынан ұйымдастырылып, дәстүрге айналып кеткен. Бұл шара «қара нәсілді америкалықтардың тарихи айы» шеңберінде өткізіледі. Және жыл сайын бұл жоба музыканың түрлі бағыттарына арналады. Биылғы жылдың ең қызықты сәті сазды әндер шырқалып жатқанда, кенеттен президенттің өзі де музыканттарға қосылып ән шырқап, блюзге деген ерекше сезімін білдірді.   
 
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.