01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Сирияның Хомс қаласындағы атыс кезінде екі шетелдің тілшісі мерт болды. Зеңбіректің жарылысынан «Зеэ Санди Таймс» газетінің журналисі америкалық Мари Колвин мен француз фотографы Реми Ошлик қаза тапқан.

 

Оқыс оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Алайда, халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, дүмпу кезінде құрбан болғандардың екеуі де Баб-Амро ауданындағы уақытша баспасөз орталығында болған. Әлем қауымдастығы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің өлімі үшін сириялық билікті қатаң сынға алып отыр. Жергілікті үкімет күштері Хомс қаласын ақпанның басында қоршауға алған еді. Содан бері мұнда жүздеген адам жан тапсырған.
 
Мадина МҰҚАНОВА

 

*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.