Австралияның Сыртқы істер министрі Кевин Радд отставкаға кетті. Бұл туралы ол Вашингтонға ресми сапары кезінде өткізген баспасөз мәслихатында жариялаған. Радд «Менің шешімім премьер-министр Джулия Гиллардың маған қолдау көрсетпеуіне байланысты», – деп түсіндірді. Кей деректерге қарағанда, саясаткердің лауазымынан кету ниеті Гиллардпен арасындағы саяси жанжалмен байланысты. Себебі, соңғы сауалнама қорытындылары 2013-ші жылы өтетін сайлауда Радд қайтадан үкімет басшысы болып тағайындалуы мүмкін екенін көрсетті. Айта кетсек, Кевин Радд премьер-министрліктен екі жыл бұрын айырылған еді.
Мадина МҰҚАНОВА
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.



Көшіру | pdf
