Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Елбасының халыққа дәстүрлі Жолдауы Жаңаөзен қаласында да қызу талқыға түсіп, халықтың көңілінен шықты. Әсіресе, қаладағы төтенше жағдайдың мерзімін созбау туралы Елбасы шешімі көптің көңілін орнына түсірді.
Сондай-ақ, жолдаудағы әлеуметтік салаға қатысты маңызды шаралардың қолға алынатыны, жаңа жұмыс орындарының ашылуы сияқты елді елең еткізер мәлімдемелер үлкен қолдауға ие болып жатыр. Шағын қалаларды дамыту мәселесі де көпшіліктің көңіліне қонымды болып шықты.
Қазір Жаңаөзенде жағдай қалыпты арнасына түсті. Соның бір дәлелі, қала халқының елдегі саяси жағдайларға бей-жай қарамауы. Президенттің халыққа Жолдауы басталған сәтте Жаңаөзендегі тігін цехының қызметкерлері бір сәт жұмыстарын тоқтатып, теледидарға ынта- шынтасымен құлақ түрді. Ел болашағына қатысты айтылған қадау-қадау ойларды қызу қолдады. Мәселен, шағын қалаларды дамыту мәселесі өзекті деп түсінеді олар. Жаңаөзен оқиғасы бір салалы шағын қалаларға қауіп-қатер жақын екенін көрсетіп берді. Кішігірім шаһарларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасақтау нәтижелі болады деп сенеді жұмысшылар.
Мария Бупелова, цех қызметкері:
Өсіп келе жатқан балдарымыз, қыздарымыз, келіндеріміз бар. Соларға жұмыс орны ашылса, осындай үлкен фабрикалардың ашылуына тілектеспіз. Біз қалауымызша айлығымызды алып жатырмыз. Елбасының айтқанын ұжымымызбен қолдаймыз.
Алтын Есіркепова, тігінші:
Елбасының халыққа Жолдауынан ұққанымыз, жеңіл өнеркәсіп саласына көңіл бөлінетіндігі. Мұнай саласы ғана емес, Маңғыстау өлкемізде жеңіл өнеркәсіптің өркендей беретінін ұқтық. Жұмыссыз жастарға жұмыс табылып, қаламыз көркейе берсін.
Өңірлерде жаңа зауыттардың санын арттыру, сол арқылы жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, айқын бағыт болмақ. 320 адам қызмет ететін тігін өнеркәсібі Батыс өңіріндегі ірі өндіріс ошағы болып саналады. Мұнайшылар мен төтенше жағдай қызметкерлеріне арнайы жұмыс киімін тігетін орын енді өз тауарын шетелге де ұсынбақ. Мұның шағын қаладағы кәсіпкерлікті дамыту үдесінен шығары даусыз. Елбасы Жолдауында әлеуметтік сала дамуына басымдық беріледі. Медицина мәселесі де назарда. Жаңаөзендік дәрігерлер отбасы жалақының көбейіп, жас мамандардың пәтермен қамтылуы өз ісіне деген жауапкершілікті арттырып, алаңсыз еңбек етуге мүмкіндік берді дейді.
Батырбек Үсенбаев, реаниматолог-анестизиолог дәрігер:
Халықтың әлеуметтік жағдайы ғой бірінші кезекте. Халықтың әлеуметтік жағдайы көтерілсе, әр отбасының жағдайы жақсарады. Әр дәрігерге үй берілді, жалақы көбейді. Басқа мемлекеттерде ондай емес қой.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталған биылғы Жолдау Жаңаөзен халқы тарапынан қолдау тауып, жарқын болашаққа деген үміттерін арттыра түсті.
Жазира ӘБІЛ

*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.

Көшіру | pdf