Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Аманжол Қабылов, Жаңаөзен қаласының коменданты:
Қалада қоғамдық қауіпсіздікті осы қаланың Ішкі істер басқармасы жеке құрамы өздері атқарып жатыр. Бүгінде қаламыз тыныш, соңғы тәулікте қылмыс тіркелген жоқ қала бойынша. Коммуналды жұмыстар өз қалпында жұмыс жасап жатыр. Ешқандай қауіп жоқ.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
Елбасының биылғы халыққа Жолдауында Жаңаөзен қаласында болып жатқан төтенше жағдайларды ары қарай создырмай уақытында алып тастағаны біз жастар қолдаймыз. Төтенше жағдайларды ары қарай жалғастыру керек емес, менің ойымша. Қазір Жаңаөзен қаласында тыныштық. Тұрақты бәрі.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
Мен Президенттің төтенше жағдайды мерзімін ұзартпау туралы шешімін қолдаймын. Адамдар бейбіт, әрі жақсы өмір сүруі тиіс. Мен осында 42 жылдан бері тұрып келемін. Мұнда қазір бәрі жақсы, тыныш.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
