01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде болған оқиға кезінде барлығы он алты адам көз жұмды. Оның он бесіне Ақтау қаласындағы Сот сараптау орталығында  қорытынды жасалды.
Ал ел ішінде  үш жүз адамның мәйіті туралы тарап кеткен  ақпарат – тек, дақпырт сөз. Оған дәлел ретінде «Журналистерге мәйітханаларды түгел  аралатып шықтық», – дейді мәйітхана  мамандары. Бейберекетсіздік болған күні кірпік қақпай еңбек еткен дәрігерлер де осыны растап отыр. Облыстық аурухана төсегінде бір адам көз жұмған. Ал 44 адамға  медициналық көмек көрсетілген. Оның 41-і Жаңаөзеннен.
 
Жібек Бердібекова, Сот сараптау орталығы Маңғыстау филиалының бөлім меңгерушісі:
Ол кездерде 300 труп түскен жоқ. Барлығы 15 труп болды. 60 адамға медициналық құжатпен сараптама тағайындалды. 52 адам өзі келіп қаралды.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.