Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Бүгін Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде болған қайғылы оқиғаға қырық күн толды. Осыған орай, Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов Ақтау қаласындағы «Бекет ата» мешітіне барды. Онда көз жұмған он алты адамның әруағына дұға бағышталды. Қайтыс болған адамдардың отбасына көңіл айтып, жаралы болғандардың амандығын тіледі. Сонан соң бастан-аяқ жөнделген мешіт ғимаратын аралап көрді. Мешіттің іші-сырты жаңартылған.
Бауыржан Мұхамеджанов, облыс әкімі:
Енді жерімізде ешқашан қиыншылық болмасын. Елімізде тыныштық, жерімізде амандық болсын. Қолдан келген көмегімізді көрсетеміз, істейміз.