Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Тәртіпсіздіктің орын алуына және әлеуметтік шиеленіске жергілікті билік пен мұнай компанияларының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеті ықпал еткенін білген көпшілік олардың тиісті жазасын алуы керек деп отыр. Халықты әлеуметтік-экономикалық қолдауға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған әкімдердің әрекетіне наразы.
Манас Кенжеғұлов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
Бас прокуратураның мәліметі рас балса, қылмыс жасаған адамдар тиісті жазасын алуы керек. Мында қаншама қан төгілді, қаншама адам ағайын-туысынан айрылды. Сол жемқорлардың көзін жою керек. Ақ-қарасын шығарып жатыр гой.
Маржан Қаниқызы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында қан төгілді. Жақсы дамып келе жатқан қаламды бір күнде қиратты, ғимараттар күйреді. Осының жазасын алсын. Көп адамның аттары белгілі болып жатыр, жауабын берсін.
Бүгінде жаппай тәртіпсіздіктің 6 ұйымдастырушысы, 23 белсенді қатысушысы белгілі. Қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамаған бірқатар ішкі істер саласының мамандарының да аты анықталып жатыр. Көпшілік соның бәріне қателіктің өтеуі болуы керек деп отыр.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
Халықтың ақшасын жеген болса, рас болса, жазасын кесу керек.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
Қаншама адам жұмыссыз жүр, міне. Қаламыз мұнай өндіріп отыр. Бірақ жағдайы нашар. Ақшасын жеп қойған болса, жазалансын. Солай деймін.
Жаңаөзендіктер Бас прокурордың мәлімдемесіне алғашқы саяси баға берілді деп қуаттап отыр. Енді істің ашық, жариялы түрде тергелуіне үн қосуда.
Жазира ӘБІЛ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
