Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Бүгін Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды. 48 жастағы Серікбай Тұрымовтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол. Бұған дейін ол Маңғыстау облысының Түпқараған ауданын басқарды. Облыс әкімінің орынбасары лауазымын да абыроймен атқарған. Мұнайшылар қаласының тізгінін ұстағалы отырған әкімнің мамандығы - құрылыс инженері. Жаңа әкімнің алдында Жаңаөзен қаласын жетілдіру үшін жұмыссыздықпен күресіп, оралмандар мәселесін шешу, әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінен қалмау сияқты жауапты міндеттер тұр.
Серікбай Тұрымов, Жаңаөзен қаласының әкімі:
Қазір енді мемлекеттің тарапынан, облыс әкімдігі тарапынан осы қала үшін көптеген қаражат бар, басқа бар, көңіл бөлініп отыр. Соны бірігіп ұқсата алсақ, елге, халыққа жеткізе алсақ, сол дұрыс жұмыс болады деп есептеймін.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.













Көшіру | pdf
