01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

 

Жаңаөзен шаһарында болған бұлғақты тергеу-тексеру ісі заң шеңберінде жүзеге асып жатыр. Кешенді тексеру шараларының барысын кеше бас прокурор Асхат Дауылбаев баяндап берді. Ол мәлімдемеде оқиғаның әр қыры жан-жақты қамтылған. Белгілі қоғам қайраткерлері тергеу органдары бұл іс туралы қоғамға деміл-деміл баяндалып тұрғаны абзал,- дейді.
 
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кімдер кінәлі екенін айтты. Аттарын атап, түстерін түстеп айтты. Алдағы уақытта бас прокурор қоғамды тергеудің барысы туралы хабарлап тұратындығын айтты. Әрине, барлығы да заңның аясында болуы керек. Барлығы да қоғамдағы заңның талабына сәйкес болуы керек. Сондықтан, ол жерде кім нақты кінәлі, оның барлығына сол заң органдарының беретін бағасы көрсетеді. 
 
 
Өмірәлі Қопабаев, Д.Қонаев атындағы университеттің ректоры:
Кешегі мәлімдемеге қарағанда, шын мәнінде, қазіргі сол бұзақылық жасаған адамдарды тауып, соларға іс-әрекет жасап жатыр. Содан кейін лауазымды адамдарға да, әкімдерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де байланысты бұл. Заңсыз қару-жарақ қолданып, кейбіреулер асыра сілтеп жіберді ғой, мысалы. Соған баға беретін бірден-бір орган сол Прокуратура органы.
 
Бибігүл ҒАДІЛБЕКҚЫЗЫ

 

*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.