Біздің ұжым

Жалғасбек Маратұлы, Ақмола облыстық филиалының директоры
 
1959 жылдың 10 желтоқсанында Қостанай облысы, Арқалық ауданы, Қайыңды аулында  дүниеге келдi. 1980 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2005 жылы Қорқыт атындағы Қызылорда Мемлекеттiк университетiнiң экономика факультетiн тәмамдады.
 
 
Серік Сапарұлы Жетпісқалиев, директордың орынбасары, бас редакторы
 
1960 жылы 1 мамырда дүниеге келген. 1982 жылы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Аудандық «Индер» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, облыстық «Арқа ажары» газетінде бөлім меңгерушісі, аймақтық «Бұқпа!» газетінде бас редактордың орынбасары, республикалық «Алаш үні», «Шығыс спорт өнерлері» газеттерінде бас редактор болып қызмет атқарған. «Бейуақ естілген ән», «Таразы тағдыр», «Сейтен тағылымы», «Көкшелік қаламгерлер құпиялары», «Жетпісқалиевтің жетпіс жеті әңгімесі», «Бақтияр бұзық бала емес» т.б. кітаптардың авторы. Ақын, ҚР Қазақстан Жазушылар одағы, ҚР Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

 

 
Молдыбаев Ержан Ерлікұлы, бас инженер
 
1984 жылы Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Ш.Уәлиханов ауылында дүниеге келген.  2002-2007 жылдары Астана қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің энергетика факультетін тәмамдаған соң, 2008-2010 жылдары Көкшетау Мемлекеттік университетінде «қаржы» мамандығы бойынша білім алды.  2007 жылы қазан айынан «Қазақстан» РТРК АҚ Ақмола облыстық филиалына инженер қызметіне қабылданды.  2010 жылдан бастап телеарнаның бас инженері.
 
Әшкенова Ғалия Есләмбекқызы, редактор
 
1957 жылы 1 қаңтарда Көкшетау облысы, Зеренді ауданына қарасты Жолдыбай аулында дүниеге келген.  Ш. Уәлиханов атындағы педагогикалық институттың филология факультетін тәмамдаған.
1983-1986 жылдары Алматы қаласында мемлекеттік телерадиода жоғары журналистік курсында дәріс алған. 1981 жылы Көкшетау облыстық телерадиокомитетіне орыс тілінде хабар жүргізетін тілші ретінде қызметке алынды. Жаңалықтармен қатар, «Партия өмірі» атты хабар жүргізді. 1991 жылы Көкшетау облыстық телевизиясының ашылуына орай орыс тілді комментатор болып ауысты. 1999 жылы Ақмола облыстық телерадиокомпаниясының комментаторы, 2002 жылы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, 2003 жылы «Қазақстан» телеарнасының меншікті тілшісі. 2009 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ Ақмола облыстық филиалының аға редакторы. Халықаралық «КазТАГ» ақпараттар агенттігінің меншікті тілшісі.
 
 
Қазиақпарова Ләйлә Дулатқызы, редактор
 
1987 жылы 24 қыркүйекте Ақмола облысы, Зеренді ауданында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақмола облыстық филиалының редакторы қызметіне орналасты. Бүгінгі таңда «Ақмола ақпарат» облыстық жаңалықтар топтамасында диктор. «Армысың, Ақмола!», «Сазды салем» таңғы-танымдық хабарының редактор-жүргізушісі. Қазақ редакциясының жаңалықтар топтамасында журналист. Балаларға арналған «Айналайын» танымдық хабарының редакторы.
 
 
Оразбаева (Бигалиева) Әсем Қаматайқызы, редактор
 
1982 жылы Ақмола облысы, Еңбекшілер ауданына қарасты Құдық – ағаш ауылында туған. Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжін аяқтап, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология факультетін тәмамдаған. 2002 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақмола облыстық филиалында редактор болып еңбек етеді.  «Шұғыла» ақпаратты-сазды, «Заман біздікі» жастар тақырыбындағы  авторлық бағдарламасын жүргізді.  Өңірдегі экономикалық мәселелерді қозғайтын «Безбен» хабары мен «Денсаулық» телебағдарламасын да дайындады.  «Той түлеткен Астана» атты циклді тележобаның авторы.
 
 
Жүсіпова Самал Темірболатқызы, орыс редакциясының редакторы
 
1987 жылы 22 мамырда дүниеге келген. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің саясаттану факультетін тәмамдаған. 2004-2006 жылдары «Арқа ажары» облыстық газетінде корректор. 2006-2009 жылдары «Бабалар аманаты» газетінде қаттаушы, редактор. 2009 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» Ақмола облыстық филиалының орыс редакциясының редакторы.