Біздің ұжым
Манарбек Ауанұлы Қазин, филиал директоры
КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын, М.Горький атындағы Челябі мемлекеттік педагогика институтының педагогика кафедрасы аспирантурасын бітірген. "Педагогика тарихы мен теориясы" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 1994 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті физика-математика факультеті деканының орынбасары, доцент. 1996 жылы Қостанай облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылы Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2003 жылдың желтоқсан айынан «Қазақстан» РТРК АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Жанұзақ Аязбеков, директордың орынбасары
1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Қостанай облыстық телевизия және радио комитетінде қатардағы редактор, жастар редакциясының меңгерушісі, аға редактор, облыстық радионың бас редакторының орынбасары, Қостанай облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы, Қазақ радиосы, Қазақ теледидары мен «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, Қостанай облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары, «Заман» телеарнасының директоры қызметтерін атқарды. 1998 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ Қостанай облыстық филиалы директорының орынбасары, бас редакторы. Республикалық және облыстық телевизиялық байқаулар мен фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпазы және лауреаты. Мәскеуде өткен IV Еуразиялық телевизиялық форумына «Қазақ тұлпары» авторлық бағдарламасымен қатысқан. Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының жеңімпазы (2008 ж.). 2009 жылы «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын алған.
Абдрахманова Күлтай Камалқызы, аға редактор
Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан» РТРК АҚ Қостанай облыстық филиалында қатардағы тілші, аға редактор, жаңалықтар бөлімінің бастығы қызметтерін 1998 жылдан атқарып келеді. Облыс әкімінің сыйлығының иегері (2002 ж.), «Тәуелсіздік тағылымы» атты циклды хабары үшін «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасының Алғыс хатымен марапатталған.
Педан Инна Владимировна, аға редактор
«Память на запасном пути» телехабары Мәскеуде өткен IV Еуразия телефорумына (2001 ж.) , «Женские судьбы» хабары (2004 ж.) Астанада өткен шығармашылық жастардың IV «Шабыт» халықаралық фестиваліне қатысып, дипломант атанған. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, ҚР Қазақстан Журналистер одағының және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Гость информационной студии» тікелей эфирінің редакторы әрі жүргізушісі.
Нұрмағанбетова Гүлнұр, аға редакторА.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 2002 жылдан бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызмет істейді.
Гаврилов Анатолий Леонтьевич, редактор
Республикалық және облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, отандық телевизия ардагері. Петропавл қаласында КСРО-да тұнғыш рет студенттердің құрылыс отряды туралы телефестиваль ұйымдастырған. «Сын Родины» атты телехабары Алматыда өткен «Жолдас» республикалық телефестивалінде жеңімпаз атанған (1975 ж.). 1984 жылы Орталық және республикалық теледидардың меншікті тілшісі болған. 1989 жылға дейін КСРО Орталық «Қазақстан», «Хабар» телекомпанияларының облыстағы меншікті тілшісі. Қазіргі таңда спорт хабарларының жетекші редакторы. 2008 жылы Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай, «Алтын жаршы» белгісімен марапатталған. «Қазақстанның құрметті журналисі», ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Қазақстандағы үздік спорт журналисі» белгілерінің иегері, арнайы дипломмен марапатталған.
Қабылақат Қарағұлұлы Сейдахметов, редактор-жүргізуші
Қостанай облыстық телерадиокомпаниясында 1997 жылдан қызметте. 1997-1998 жылдары облыстық радиода 1 сағаттық «Сырласу» тікелей эфир хабарын жүргізген. Ахмет Байтұрсынов туралы 8 бейне фильм түсіріп, 125 жылдығына арналған байқауда жеңімпаз атанған. 2001-2004 жылдары «Ауыл» телеэкспедициясы бағдарламасын тұрақты түрде эфирге шығарған. 2007 жылдың қазанынан «Туған жер түлектері» телебағдарламасының авторы. 2008 жылы «Тірлік» бағдарламасының жүргізуші-редакторы.
Уәлиева Гүлмира Нұхаметжанқызы, редактор-жүргізуші
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі. 2007 жылдан теледидарда қызмет істейді. Тұңғыш «Қуыршақ» телехабарын, «Отбасынан бастайық» және жастарға арналған «Айыпқа бұйырмаңыз» ток-шоуларының авторы, жаңалықтар хабарының жүргізушісі.
Игорь Иванович Юдаков, бас инженер
Томск радиоэлектроника институтын (1991 ж.) және Қарағанды экономика институтын бітірген (2003 ж.). Облыстық радиотелеорталығында 1991 жылдан қатардағы инженер, бөлім бастығы. 1993 жылдан жылжымалы телестанцияның бастығы, 1994 жылдан телевизия цехының бастығы. 1998 жылдан бері компанияның бас инженері қызметінде. Үздік рационализаторлық жұмысы үшін «Қазақстан» РТРК АҚ Құрмет грамотасына (2005 ж.), облыс әкімінің грамотасы мен сыйлығына (2006 ж.) ие болған.
Ахметбеков Қыдырәлі, телеоператор
Ағылшынның «BBC» компаниясының Ресейдегі орталығында телеоператор курсын тәмамдаған. Телехабарлары республикалық және облыстық байқауларда жеңімпаз атанған.
Балғын Төлегенқызы Жантасова, бас есепші
Қостанайдың М.Дулатов атындағы инженерлік-экономикалық университетін бітірген (2005 ж.). 1998 жылдан Қостанай облыстық филиалында 1 санаттағы есепші, жетекші экономист-маман. 2004 жылдан бас есепші қызметінде. «Қазақстан» РТРК АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған.



Көшіру | pdf
