Біздің ұжым
Қарабала Жағыппар Аманжолұлы, «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры
1960 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1982 ж.). Жезқазған облысы, Шет аудандық газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары (1982-1987 ж.ж.), облыстық «Жезқазған туы» газетінің бөлім меңгерушісі (1987 ж.), Жезқазған облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы (1988 ж.), Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газетінің бөлім меңгерушісі (1991 ж.), Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары (1992-1998 ж.ж.), облыстық телерадиокомпания төрағасының орынбасары, телеарнаның бас продюсері, бас редакторы, «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары (1998-2005 жж.). 2005 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры. «Сыр елінің жаңа жұлдыздары» (2005 ж.), «Ботақан» (2007 ж.), «Жыр керуен» (2009 ж.) жобаларының авторы. ҚР Конституциясының 10 жылдығы мерекелік медалімен (2005 ж.), «Құрмет» орденімен (2008 ж.), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен (2009 ж.) марапатталған.
|
Бәйімбет Ғалымжан Қараманұлы, директордың орынбасары
1978 жылы туған. 2001 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің журналистика бөлімін бітірген. Қызылорда қоғамдық телеарнасында редактор (2000-2003 ж.ж.), Қызылорда облыстық телеарнасында редактор, аға редактор (2003-2005 ж.ж.), «Қазақстан» ұлттық арнасында сценарист, қоюшы режиссер (2005-2007 ж.ж.). «Болашақ», «17» жастар телехикаяларының, «Тіршілік» ток-шоуының авторы. «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфиріндегі жаңалықтардың және «Астаналықтар» хабарының режиссері, «Жас Астана жастар көзімен» халықаралық фестивалінің лауреаты (2004 ж.), «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы байқауының екі дүркін лауреаты (2005 ж.). 2010 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы директорының орынбасары.
|
|
1970 жылы туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Жас қазақ» газетінде тілшіліктен бастаған. Қалалық «Кызылорда таймс», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде, қала әкімінің баспасөз секторында хатшы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бөлім бастығы қызметтерінде болған. 2004 жылдан «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында жауапты шығарушы, тақырыптық хабарлар редакциясының аға редакторы. 2010 жылдың наурыз айынан «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас редакторы қызметінде. 2005 жылы «Тілім барда тірімін» атты хабары «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты бірінші ұлттық байқауының жеңімпазы, «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен, 2007 жылы ҚР Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталған.
|
Шөкенов Бақытжан Камалұлы, бас инженер
1964 жылы туған. М.Неделин атындағы Ленинск электротехникалық техникумында «телевизиялық техника және радиорелейлік байланыс» бөлімін бітіріп, «тұрақты телеқондырғы технигі» мамандығын алған (1981 ж.). Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің «Қаржы және несие» факультетін бітірген (1999 ж.). Еңбек жолын облыстық телерадиокомитетте дыбыс жазу операторы қызметінен бастаған. Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясында бейнежазу аппараты мен тележурналистика кешені цехының бастығы (1991-1996 ж.ж.), Қызылорда қоғамдық телевизиясында атқарушы директор (1997-2005 ж.ж.), «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас инженері (2005 ж.). «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас инженері.
|
|
1965 жылы туған. Алматы политехникумын «Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру» бойынша (1986 ж.), Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандығы бойынша (2008 ж.) бітірген. Еңбек жолын қабылдау бөлімінің хатшысы, кадр жөніндегі инспектор (1986-1989 ж.ж.) қызметінен бастаған. 1991 жылдан облыстық телерадиокомпанияның кадр жөніндегі инспекторы қызметінде. Бірнеше рет облыс әкімінің, «Қазақстан» РТРК АҚ Құрмет грамоталарымен марапатталған.
|
Оспанов Нұржан Жағыппарұлы, жарнама жөніндегі бас менеджер
Облыстық, қалалық бірқатар басылымдарда қызмет атқарған. 2005 жылдан «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында қызметте. 2010 жылдан жарнама жөніндегі бас менеджер.
|
Қалдыбаева Бақыт Бұғыбайқызы, «Жаңалықтар» қызметінің аға редакторы
1984 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1996 жылдан «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор, аға редактор қызметтерінде. «Болашақ бүгіннен басталады» ұлттық байқауының, мұнай тақырыбында өткізілген ұлттық байқаудың бас жүлде иегері, экологиялық журналистика халықаралық фестивалінің лауреаты.
|
|
1969 жылы туған. Қызылорда политехникумын «гидротехник» мамандығы бойынша бітірген (1988 ж.). Облыстық өртке қарсы қызмет инспекторы (1991-1993 ж.ж.), Қызылорда облыстық телеарнасында (1994 ж.) режиссердің ассистенті, телеоператор, аға телеоператор. Облыс әкімінің Алғыс хатымен (2008 ж.), «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасының Құрмет грамотасымен (2004 ж.) марапатталған.
|
Несібелі Рахмет, редактор-стилист
1955 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген (1981 ж.). Сырдария аудандық «Сырдария», облыстық «Сыр бойы» газеттерінде еңбек еткен. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор, аға редактор (1994 ж.). «Бір нәзік сезім», «Мен табынған құдірет», «Исламбек», «Құмырсқа тірлік» атты кітаптардың авторы. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері.
|
Айткүл Шалғынбаева, телеарна ардагері, редактор-жүргізуші
1960 жылы Қызылорда қаласында туған. 1983 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика бөлімін бітірген. 10 жыл бойы тікелей эфирде «Апта-айырық» ақпаратты сараптау бағдарламасын жүргізді. «Алқа» пікірталас телеклубы, «Ой мінбер», «Ашық әңгіме» хабарлары арқылы көпшілік көңіліндегі өзекті мәселелерді қозғады. Қазір «Сөз Анық» сараптау бағдарламасының жүргізушісі. Конституцияның 10 жылдығы, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы медальдарымен марапатталған.
|
Қаршыға Есімсейітова, телеарна редакторы
1959 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген (1982 ж.). «Қазақстан пионері», «Қазақстан мектебі» газеттерінде, республикалық халық шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосында қызмет атқарған. Журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» белгісімен марапатталған (1997 ж.). «Қарлығаш» ұжымдық жинағы (1985 ж.), «Аңсаған атамекенім» (1994 ж.) жыр жинағы авторы. «Отан деп соққан жүректер», «Тұмар», «Жүректегі жауһарлар», «Киелі Сыр» жинақтарына, «Сырдария кітапханасы» 200 томдық сериясына шығармалары енген. ҚР Қазақстан Журналистер Одағының, ҚР Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Сыр өнерінің тұлғалары», «Алаш ардақтылары» атты топтамалардың, тарихи-танымдық тақырыптағы бірнеше фильмдердің авторы. Жалаңтөс Баһадүрдің 430 жылдығына үш сериялы деректі фильм, Әйтеке би туралы 2 бөлімді деректі фильм түсірген. Облыстық мәслихат пен облыс әкімінің Құрмет грамотасымен (2004 ж.), «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасының Құрмет грамотасымен (2006 ж.) марапатталған. Облыс әкімінің стипендиаты (2007 ж.).
|
Алтынай Молжанова, редактор
1974 жылы 14 сәуірде Қызылорда қаласында туған. 1997 жылы Қорқыт Ата университетін бітірген. 5 жылдың көлемінде тікелей эфирдегі «Өзекжарды» хабарын жүргізіп, көрерменмен интерактивті байланыс орнатып, мәселелерді өткір қозғады. Қоғамдық-әлеуметтік бағыттағы «Біздің ауыл» хабарына деген көрермен ықыласы ерекше.
|
Гүлсара Мәмбетова, қоюшы режиссер
1963 жылы туған. Еңбек жолын Қызылорда облыстық радиосында дыбыс операторы болып бастаған (1986 ж.). Бүгінде «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында режиссер қызметін атқарып келеді (1992 ж.). «Әнші балапан», облыстық «Таңшолпан» телебайқауларын қоюға ат салысқан. «Кәнеки, тілім, сөйлеші» сахналық хабарларының және шығармашылық кештердің режиссері. Тікелей эфирді жолға қойған білікті маман. «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасының (2004 ж.), облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды (2008 ж.).
|
Гүлайым Жанұзақова, телеарнаның бірінші дауысы, дикторлық саланың негізін қалаушы, бейнефонотека меңгерушісі
Еңбек жолын облыстық телерадиокомитетте дикторлықтан бастаған. Телеарнада диктор-жүргізушілер мектебінің қалыптасуына зор үлес қосты. Қазіргі таңда телеарнаның бейнефонотека бөлімінің меңгерушісі. |
|
1976 жылы туған. Қызылорда музыкалық училищесін хор дирижері (1991 ж.), Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да ән сабағының мұғалімі (2000 ж.), №173 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2003-2005 ж.ж.) қызметін атқарған. Инженерлік-экономикалық институтын «мұнай-газ өндірісін стандарттаушы және сертификаттаушы» мамандығы бойынша (2008 ж.) бітірген. 2010 жылдан «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас режиссері. «Серпін» экономикалық сараптау бағдарламасы «Қазақстан» ұлттық арнасы өткізген аймақтық байқауда гран-при иегері (2010 ж.).
|
Жалғас Әлібеков, жетекші дизайнер
Телеарнаның имиджін өсірген дизайндық дүниелерде өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген білікті маман. Жарнамалық телеөнімдерді жасаушы шебер.
|
Қайырбай Арынғазы Ыбырайұлы, бас бухгалтер
1961 жылы туған. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1988-2007 жылдары облыстың түрлі шаруашылықтарында бухгалтер, экономист, бас бухгалтер. 2007 жылдан бастап «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас бухгалтері. |


Қарабала Жағыппар Аманжолұлы, «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры
Бәйімбет Ғалымжан Қараманұлы, директордың орынбасары
Қасымова Айсұлу Жұмабайқызы, бас редактор
Шөкенов Бақытжан Камалұлы, бас инженер
Елеу Дина Жұмағалиқызы, кадр жөніндегі инспектор
Оспанов Нұржан Жағыппарұлы, жарнама жөніндегі бас менеджер
Қалдыбаева Бақыт Бұғыбайқызы, «Жаңалықтар» қызметінің аға редакторы
Шахметов Нұрлыбек Мұзарапшаұлы, аға телеоператор
Несібелі Рахмет, редактор-стилист
Айткүл Шалғынбаева, телеарна ардагері, редактор-жүргізуші
Алтынай Молжанова, редактор
Гүлсара Мәмбетова, қоюшы режиссер
Ноғайбаев Сәбит Орынбасарұлы, бас режиссер
Жалғас Әлібеков, жетекші дизайнер
Қайырбай Арынғазы Ыбырайұлы, бас бухгалтер

Көшіру | pdf
