Біздің ұжым

Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы, филиал директоры1977 жылдың 5 мамырында Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Нілді ауылында дүниеге келген. Қарағанды қаласындағы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша үздік бітірген, журналистика магистрі. Еңбек жолын 1998-1999 жылдары Қарағанды облысы, Абай қаласының «Абай хабаршысы» аудандық газетінің бас редакторы қызметінен бастаған. 1999-2001 жылдары Қарағанды қаласының «Өзгеріс-Перемена» облыстық педагогикалық газетінде бас редактор, 2001-2002 жылдары Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің журналистика кафедрасында оқытушы, 2002-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясында редактор, 2002-2007 жылдары М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де аға оқытушы. 2007-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың 16 тамызынан «Қазақстан» РТРК АҚ СҚОФ директоры қызметінде. Қазақстан Журналистер одағының грамотасымен марапатталған. Республикалық «Қазақстан-Сорос» байқауының жүлдегері (Алматы, 1998), аймақтық жас журналистер байқауының жеңімпазы (Қарағанды, 2004), ІХ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «журналистика» номинациясы бойынша дипломанты (Астана, 2006). «Әдебиет жылнамасы», «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы ойын-сауық хабарлары» атты әдістемелік оқу құралдарының авторы.
Шаймерденов Самат Есмағиұлы, директордың орынбасары, бас редактор
Денисенко Федор Иванович, аға редактор
Қалиева Баян Дулатқызы, редактор-жүргізуші
Нұргүл Ахметова, редактор
Жазитова Фариза Қамидоллақызы, редактор
Жақыпов Самат Қайрденұлы, редакторы
Рамазанов Олжас Бейбітұлы, редактор1990 жылдың 25 қыркүйегінде Шал ақын ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген. Мамандығы - тарихшы. Облыстық «Қазақстан-Петропавл» арнасында «Ақпарат» жаңалықтар бағдарламасында диктор. «Есіл таңы», «Отандастар» сияқты бірнеше хабардың редакторы әрі жүргізушісі. «События недели» апталық-сараптамалық бағдарламасының редакторы.
Құрманкин Абзал Дәуренбекұлы, редактор
Кұсайынова Әйгерім Айдарқызы, жүргізуші-редактор
Пилипцевич Елена Геннадиқызы, аға режиссер1963 жылдың 20 қазанында Петропавл қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Петропавл телевизия студиясындағы фильмотека қызметіне қабылданады. 1991 жылы Челябі мемлекеттік институтын «театр ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша бітірген. Телевизияда режиссердің көмекшісі, режиссердің ассистенті, режиссер электро-механик, монтаждаушы болып қызмет істеді. 2010 жылдан облыстық «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының аға режиссері.
Филков Сергей Владимирұлы, бас инженер
Манылов Владимир Николайұлы, телеоператор1951 жылдың 22 сәуірінде Петропавл қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Петропавл педагогикалық институтын «тарихшы» мамандығы бойынша бітірді. 1968 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының телевизия студиясында қызмет етуде. 1980 жылы Мәскеу қаласында өткен олимпиада ойындарын Жапондық «Asahi» ТВ телекомпаниясымен бірлесе түсірген топ мүшесі. Жоғары санатты телеоператор.
Мұратова Гүлнар Ғазизқызы, режиссер 1962 жылдың 8 қазанында Петропавл қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Петропавл қаласының педагогикалық институтында тарих-педагогика факультетін аяқтаған. Телевизия саласында 1988 жылдан бастап қызмет істеуде. Қазіргі таңда «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының режиссері.
Жақыпов Жамбыл Ғалымжанұлы, телеоператор1971 жылдың 14 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Орталық ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Петропавл есеп-экономикалық техникумын «техник-құрылысшы технолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. Телевизияда 2002 жылдың ақпанынан бастап қызмет істеуде.



Көшіру | pdf
