Жыл құсының дауысы тіршілікке жан бітірген көктемде; мамыражай тартқан жазғы таңында; танауды сан алуан жемістің иісі қытықтаған алтын күзде; ақ қар аспаннан толассыз жапалақтаған, қоңыраулатып қыс келгенде – Сізді тәтті ұйқыңыздан «Таңшолпан» оятсын!
Жетекшісі: Гүлмира Дайрабаева Продюсері: Гүлжан Орынбай Шеф-редакторы: Қанағат Әбілхайыр Сценарисі: Болатбек Баянханұлы Жүргізушілері: Берік Көшербекұлы, Маржан Болатханқызы, Ирина Тен, Жансерік Бейсеев, Майя Веронская Режиссерлері: Боран Мұсабаев, Бимахан Төлебаев, Серік Ыбырайым, Әйгерім Серғазықызы Режиссердің ассистенттері: Айдана Қаптағай, Макка Талапқызы Редакторлары: Берік Сұлтан, Әлімбек Келдібай, Айнұр Мәуленова, Еркін Шәкір Үйлестірушілер: Арман Темірбек Жанры: ақпаратты- сазды Эфир уақыты: дүйсенбі – жұма, 7.00-9.40 Ұзақтығы: 160 минут Жиілігі: 5 рет Байланыс телефондары: 393-22-53, 393-22-31 e-mail: tansholpan@kaztv.kz |
Алдымен студияға келетін қонақтан бастасақ: бұған дейін түрлі кәсіп иелері өз мамандығының қыр-сыры мен жеке басының әңгімесін айтумен ғана шектелетін. Енді біз оларды дәрежесі мен жас ерекшелігіне қарамастан жеребе арқылы кез келген өнер түрін көрсетуге «мәжбүрлемекпіз». «Таңшолпанның Толағайы» атты жаңа айдарда кешегі тау көтерген алыптарымыздың ізбасарларын іздеуді мақсат тұтып отырмыз. Жер-жерде бұла күші бойына сыймай жүрген жас өрендеріміз болса көңіліне үміт отын жақсақ, спорт әлеміне бастар даңғыл жолға түсуіне себепкер болсақ деген ойымыз бар. Біздің жылт еткен жаңалығымыз деп «Таңшолпанның турнирін» де айтуға болады. Ел алдында жүрген танымал тұлғалар, өнер адамдары, саясаткерлер ой жарыстырады, түрлі спорттық сайыстарға түседі. Қала, ғимарат, көше тарихынан сыр шертетін «Таң-қала», саятшылық дәстүрді насихаттайтын «Таң-сонар», сиқыр әлеміне жетелейтін «Таңғажайып әлем», бүлдіршіндерге арналған «Құлыншақ», ақындарға өлеңін өзі оқуға мүмкіндік беретін «Таңғы жыр» сияқты жаңа айдарлар да «Таңшолпанға» жаңа леп сыйлады. Бұған дейін өзін-өзі ақтаған, ел-жұрттан жақсы лепес естіген өзге де айдарлар қайта сұрыпталып, жаңа қырына аунап түсті. Қысқасы, жаңа маусымда таңғы бағдарламаның жаңа тынысы ашылды.
Түрлі ой маза бермей, әр тарапта жүрген ұл-қызының тағдыры тынышын алған ата-ананы; әр таңды сарыла тосып, елінің ертеңіне алаңдаған қаһарман ұлды; ай жарығына малынған, малынбаған мақпал қара түнде, кейде ғой жұлдызы жамыраған алқаракөк аспан астында ұйықтай алмай дөңбекшіген бозбала мен бойжеткенді; қаланың толассыз шуылы жағаға ұрып, ойын онға бөлген қалалықты; төрт түліктің дауысы жанына жайлылық сыйлаған алыстағы ауыл халқын – тәтті ұйқысынан «Таңшолпан» оятсын! Сұрағыңыз немесе ұсынысыңыз болса, хат жазыңыз. Біз міндетті түрде жауап береміз.
* - толтырылуы міндетті жолдар |

