Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама қабылданып, ауқымды жобалар жүзеге асырылу үстінде. «Даму» хабары осы бағдарламаның орындалу барысын баян етеді.

Атқарушы продюсері: Бисалиева Қарлығаш Саматқызы

Шеф - редакторы: Тамара Аушахметова
 
Жүргізуші: Орынбасар Тілепбергенұлы
 
Режиссері: Гүлнар Борашқызы
 
Редакторы: Сансызбай Өкенұлы

Жанры: ток-шоу
 
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сейсенбі 21.05
 
Қайталанатын уақыты: сәрсенбі 13.55 

Ұзақтығы: 30 мин

Жиілігі: апта сайын

 
Байланыс телефондары: +7 (727) 378 52 09, +7 (727) 377 52 10 
 
e-mail:  info@aport-tv.kz 
 

Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы Қазақстан экономикасын жаңа белеске көтерді. 2010-2011 жылдар ішінде 389 өндіріс орны ашылып, 90 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. «Даму» ток-шоуы Елбасы басымдық берген осы ауқымды жобаның орындалу барысын мамандар талқысына салады. Пікірталасқа министрлік өкілдері, депутаттар, өндіріс орнының жетекшілері, мекеме басшылары және ғалымдар қатысады. Көтерілген тақырыпты талқылауға студия қонақтарымен қатар, 3 сарапшы маман атсалысады. Олардың міндеті - оңды істермен бірге олқылықтарды да көрсетіп, оның себептерін күн тәртібіне шығару. Экраннан берілетін 3 бейнесюжет дөңгелек үстел басындағы мамандарды нақты тақырыпқа бейімдеп отырады.