«Айгөлек» бағдарламасы аясында бүлдіршіндер және әлеуметтік мәртебесі, кәсібі мен жас мөлшері әртүрлі адамдар «Қазақстан» телеарнасындағы әр жексенбісін қызықты және еркін өткізу мүмкіндігіне ие болады.
Продюсері: Ғалия Байбосынова

Жүргізушілері: Назым Әбілдина, Еркеш Хасен, Әлихан Байсұлтан
 
Режиссері: Айгүл Ақсамбиева
 
Қоюшы режиссер: Ғалия Байбосынова

Монтаж режиссері: Анастасия Туркеева
 
Редакторы: Амангелді Боранов

Үйлестіруші: Ерлан Рахымбаев
 
Музыкалық редакторы: Айша Байбосынова
 
Эфир уақыты: жексенбі, 18.00
 
Ұзақтығы: 90 мин. Бағдарлама күнделігі - 15 мин.
 
Жиілігі: аптасына 1 рет
 
Редакциясы: «Руханият» ШБ
 
Жанры: музыкалық, ойын-сауық шоу, байқау
 
Тілі: қазақ
 
Байланыс телефондары: +7 /727/ 393-22-03
 
Редакцияның электрондық мекен-жайы: aigolek@kaztv.kz , aigolek_tv@bk.ru
 
«Айгөлек» бағдарламасы аясында бүлдіршіндер және әлеуметтік мәртебесі, кәсібі мен жас мөлшері әртүрлі адамдар «Қазақстан» телеарансындағы әр жексенбісін қызықты және еркін өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Концертті жүргізудің түрлі формаларының үйлесімділігі нәтижесінде, бағдарлама кез-келген көрерменге жақын, тамаша әндерге және эпизодтық, классикалық және халықтық билерге толы болады. Көрермендер ықыласына ие болу үшін бағдарламаның мүмкіндіктері зор.
Бұл – музыкалық нөмірлерді материал тақырыбына сәйкес қойылымдық элементтермен байыту, әдемі және сапалы көріністерді пайдалану, жүргізушілердің ерекшеліктері, сықақ пен күлкі, балалармен ойындар жүргізу, бағдарламаға өзіндік күтпеген ерекшеліктер енгізу, қазіргі заманғы және уақыт талабымен тексерілген танымал хиттерді беру және т.б.
 

Әр бағдарлама белгілі бір тақырыпқа арналған, мысалы: «Отан», «Отбасы». Таңдалып алынған тақырып музыкалық материал мен сценарийлік жүргізілу барысын айқындайды. Қазақстандық балалар шығармашылығының инфрақұрылымы қажетті деңгейде жұмыс істемейді, сондықтан да оның мұрасын суреттеу мен дамыту – бағдарламаның басты міндеттерінің бірі.